KZ RU EN

Автобус паркі басшылығы бағыттағы қоғамдық көліктердің жүруін бақылау мақсатында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.

27.03.2019 ж.
Просмотров: 216
Версия для печати
Автобус паркі басшылығы бағыттағы қоғамдық көліктердің жүруін бақылау мақсатында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Автобустардың тазалығы қаралып, жолаушылардан жол билеттерінің уақытылы берілетіндігі туралы сұралды. Автобустардың соңғы бөлігінде жоғары қабырғаларына жолаушылардың сиялармен сызып, жазып кететіндігі анықталды. Автобус паркі қызметкерлері бұл жазбаларды анықталған бойдан жедел тазалауда, алайда бұл жазулар қайта пайда болып жатыр. Автобус паркі басшылығы жүргізушілер мен кондукторларға бұл жағдайдың қайта орын алмауы үшін қадағалап тұруын тапсырды. Құрметті Қызылордалықтар, егер де сіз осындайдың куәгері болсаңыз тез арада хабарлауыңызды және ескерту жасауларыңызды сұраймыз. Автобус паркі мүліктеріне зиян келтіру фактілері анықталған жағдайда кінәлілер ҚР-ң заңнамаларына сәйкес шара қолданылатын болады. Қоғамдық көліктердің қызмет көрсетуін жақсарту мақсатында бұл іс шаралар жалғасын табады. Автобус паркі қаламыздың қоғамдық көліктерінде жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуін арттыру үшін жұмыстар жасауда. Құрметті жерлестер, егер де жолаушылар тасымалдаудағы қозғалыс бойынша сындарлы пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса күтеміз. Құрметпен, Автобус паркі.
Автобус паркі басшылығы бағыттағы қоғамдық көліктердің жүруін бақылау мақсатында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Автобус паркі басшылығы бағыттағы қоғамдық көліктердің жүруін бақылау мақсатында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Автобус паркі басшылығы бағыттағы қоғамдық көліктердің жүруін бақылау мақсатында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.
  • Казех
  • МИНТ
  • Корта
  • Евро банк
  • Евразия банк
  • Адилет
  • Байтерек